300-ден аса ұсыныс қабылданып, іске асырылды
Алматыда келер жылы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша 300-ден астам жоба жүзеге асырылады. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл аталған бағдарламаны қаржыландыру сомасы ұлғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тұрғындар «жасыл желегі жайқалып, көрікті орынға айналған мына жерде бұрындары саудагерлерден аяқ алып жүру мүмкін емес еді» дейді. Ал "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында ашылған саябақта балалар мен ересектер үшін бірдей қолайлы жағдай жасалған. Жайлы орын бүгінде тек тұрғындардың емес, ары-бері өткен жүргіншілердің де сүйікті мекеніне айналған.
Розыбақиев көшесі мен Дүйсенов көшесінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікті көркейту биыл тұрғындардың өтінішімен жүзеге асырылды. Жоба авторларының бірі Әсел Нұрғазинаның айтуынша, мердігерлер оны небәрі 2-3 айдың көлемінде, мерзімінен бұрын орындаған. Бүгінде мұнда балалар алаңқайы, орындықтар мен жаңа жарық жүйелері орнатылып, аймақ көгалдандырылған.
"Бұрын жабайы базар болатын. Қаңырап бос жатқан аймақ болғандақтан жүру қиын болды. Бірінші "Халық қатысатын бюджет" жобасы арқылы ауламызды ретке келтірдік. Ұсынысты айта алатынымызды білген соң, бұл жобаға да кірісіп кеттік. Халық дән риза. Жарықтандыру мәселелесі де шешімін тапты. Кешкісін бұл жер, тіпті әдемі!" – деді жоба авторы Әсел Нұрғазина.
Жобаға тұрғындар бірауыздан дауыс беріп, белсенділік танытқан. «Игі бастаманың жақсылығын көріп отырмыз» деген олар келешекте ауданның басқа бөліктерін де көркейту туралы ұсынысын білдіруге қызығушылық танытып отыр.
"Балалар, немерем ойнайтын болды, осы маңға жақын тұрамыз", – деді қала тұрғыны.
"Бос жатқан жер, жақсы болды. Әдемі! Кешке балаларымен келіп, демалады. Көркейіп келе жатыр!" – деді қала тұрғыны.
Бұрын базар болған. Адам көп, жүре алмайтынбыз. Саяьақта демалып, өте жақсы болды", – деді қала тұрғыны
Мегаполисте "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша биыл 300-ден аса жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ биыл жобаға 19 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 6 млрд теңгеге артық.
Жансая Олжабек, Ғани Қалуов
Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Алматыда қоқыс алаңдары белсенді түрде жаңартылып, замануи контейнерлер енгізілуде