Мерекеге орай аспалы жолымен сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін тегін көтерілуге болады
2025 жылы 14 наурызда Алматыдағы Көктөбеде халық Амал мерекесі – Көрісу күнін атап өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала тұрғындары мен қонақтары қыстан аман шығып, көктемнің келуімен бірін-бірі құттықтап, жылы жүздесіп, қол алысып, құшақтасып, төс қағысады, үлкендер жастарға бата беріп, жақсылық пен молшылық тілейді.
Сағат 11:00-де Көктөбеде ашық аспан астында Көктөбедегі Амал күні атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, «Жігіттер» тобы, Айгүл Қосанова және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетеді.
Айта кету керек, 14 наурыз күні мерекеге орай Көктөбе аспалы жолымен сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін тегін көтерілуге болады. Келіп, театрландырылған концертті тамашалаңыздар!
Алматыда 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың ішінде көрмелер, спектакльдер, спорттық жарыстар, танымал артистердің қатысуымен концерттер және басқа да қызықты іс-шаралар бар.
Ауқымды іс-шаралардың аңдатпалары Алматы қаласының Мәдениет басқармасының @almatymadeniet парақшасында және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық блогерлер 12 жылдан соң дүркіретіп үйлену тойын жасады