Қаладағы сауда орталықтарының бірі «Жауапты бизнес – көрікті қала» атты жалпықалалық бастамаға белсенді түрде атсалысуда
Коммерциялық нысандар республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Алматы – ортақ үйіміз» атты ауқымды экологиялық акцияға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаладағы сауда орталықтарының бірі «Жауапты бизнес – көрікті қала» атты жалпықалалық бастамаға белсенді түрде атсалысуда.
Сауда орталығының маркетинг бөлімінің аға менеджері Андрей Покотиловтың айтуынша, нысан аумағында тұрақты түрде тазалау жұмыстары жүргізіледі. Оған тротуарлар мен жолдарды, автотұрақ аймағын, кіреберісті тазарту, витриналарды, кондиционердің сыртқы блоктарын жуу және басқа да жұмыстар кіреді.
«Біз жыл сайын «Алматы – ортақ үйіміз» акциясы аясындағы экологиялық іс-шараларға қатысамыз, өйткені сүйікті қаламыздың тазалығына бәріміз мүдделіміз. Акцияға СОО-ның барлық қызметкері – шамамен 40 адам қатысады. Біз күн сайын сауда орталығының ішін де, айналасын да тазалаймыз. Күн жылынған соң ағаш отырғызып, субұрқақты толықтай жаңартуды жоспарлап отырмыз. Жақында жоғары сапалы жаңа жуу машиналарын сатып алдық, енді тазалау жұмыстары бұрынғыдан да тиімді әрі жылдам жүреді. Осындай бастамаларға қатысу – қалада жайлы және экологиялық таза орта қалыптастыруға қосқан үлесіміз. Кәсіпорын туралы алғашқы әсер оның аумағындағы тазалықтан басталады. Сондықтан коммерциялық нысан айналасындағы кеңістікті күні бойы таза ұстау маңызды», – деді маркетинг бөлімінің аға менеджері Андрей Покотилов.
Қаладағы коммерциялық нысандар экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың мәдениетін арттыруға бағытталған осындай бастамаларды әрі қарай да қолдауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Алматы – ортақ үйіміз» атты акция өтуде. Ол төрт кезеңнен тұрады:
Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Қызылорда 4 млрд теңгеден астам қаржыға сумен жабдықталады