Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы № 1 перзентхананың ескі корпусы орнына осы заманға сай медициналық жабдықтары бар жаңа ғимарат салынады. Бұл туралы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, .деп хабарлайды Almaty.tv.

90 жылға жуық тарихы бар перзентхана ғимаратын жаңарту келер жылдың соңында аяқталмақ. Сонымен қатар Әйтеке би мен Масаншы көшесінің қиылысында орналасқан қалалық ревматология орталығының орнына 500 адам қабылдауға арналған жаңа емхана салу жоспарда бар. Ал қалалық Адам репродукциясы орталығының күрделі жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

"Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылғы наурызда №3 емхана ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталады. Бөлінген 1,2 млрд теңге шеңберінде ғимараттың негізгі құрылымдары қалпына келтіріліп, ішкі бөлмелер жаңартылатын болады", – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Былтыр "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында Алмалы ауданының өзінде 1,9 млрд теңгеге 52 жоба іске асқан. Оның 31-і аулаларды жөндеуге бағытталса, тағы 18 жоба қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға арналған. Тұрғындардың зор қызығушылына ие болған бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар биыл да жалғасады.

Биыл "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасын іске асыру үшін 2 млрд теңге бөлінді. Сіздің ауданның тұрғындары арасындағы дауыс беру нәтижелері бойынша 755 өтінімнен 45 жоба ең көп дауыс жинап, іске асырылуға өтті, – деді қала әкімі. 

Кездесуді мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Новости партнеров