Мәлік Отарбаев: Мемлекетке адал қызмет ету – бәрімізге ортақ міндет

Ел Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Алматы қаласы білім саласының қызметкерлерімен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Адал азамат қағидасын ұстану, ұрпақты ұлттық тәрбиеге баулу. Бұл – ел Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың Алматы қаласы білім саласының қызметкерлерімен кездесуінде қозғалған негізгі тақырыпта, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәлік Нұржанұлы Ұлттық құрылтайдың 4-отырысында Президент көтерген 4 мәселеге тоқталды. Жиында цифрлық әлеуетті одан ары арттыру, энергетика мен көлік логистикасы саласын дамыту, ауыл шаруашылығына көңіл бөлу жайы қарастырылды.

 «Әрбір азаматымыз елін қорғайтын, ел тәуелсіздігін сақтайтын, мемлекетіне адал сарбаз, жауынгер, азамат болып туады. Біз соған қызмет етуіміз керек. Қадірлі ағайын, сол себептен елдік деңгейде қызмет ету, мемлекетімізге адал болу, мемлекетшілдік дәстүрді ары қарай жалғастыру – тек Президенттің емес,  бәрімізге ортақ міндет», – деді ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев.

Басқосуда білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықты дәріптеуге негізделген іс-шаралардың жиі ұйымдастырылатыны айтылып, ақпарат берілді. Биыл бұл бағытта 19 тәжірибелік семинар, 200-ден аса жиын өткізілген. Сонымен қатар кездесуде мектептер мен балабақшаларда ұлттық киімді ұлықтауға аса мән беріліп жатқаны жеткізілді.

 «Білім беру жүйесіндегі ең негізгі саясат білім жаһандық, ал тәрбие ұлттық қағидаға негізделеді. Қазақ –  тектілікке бабасынан, дархандығы даласынан дарыған халық. Өнегелі ісіміз, атқарып жүрген қызметіміз, болмысымыз, тұлғамыз арқылы балаларымызға үлгі болсақ деген мақсат бар. Заң үстемдік құрған, тәртіп орнаған мемлекетте қашан да береке де, бірлік те арта түсетіні сөзсіз», – деді  Білім басқармасы ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Дәурен Сағынғалиев.

Оқи отырыңыз: Мәлік Отарбаев алматылық тәртіп сақшыларымен кездесті

Новости партнеров