Әдеби-сазды кеште оқушылар ақынның Отан туралы жырларын жатқа оқыды
"Мен сені сүйемін, Қазақстан". Республика күні қарсаңында Алматыдағы №108 мектеп-гимназиясында осындай атаумен ақын Мөлдір Айтбаймен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Әдеби-сазды кеште оқушылар айтыскердің Отан туралы жырларын жатқа оқып, сөзіне жазылған әндерді шырқады. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруды мақсат тұтқан кездесу соңы сұрақ-жауаппен жалғасты.
"Атамұра асыл қазынамыз айтыс арқылы ұлттық құндылықтармызды насихаттап, шәкірттеріміздің шығармашылық жетістігін одан әрі шыңдау мақсатында кездесу ұйымдастырылып отыр", - деді №108 мектеп-гимназияның директоры Руфинат Әлдіғазы.
"Батырларымыз ел үшін, жер үшін қан төкті. Одан кейін алашордашылар осы елдің болашағы үшін еңбек етті. Ендігі біздің мақсатымыз – солардан қалған аманаттың, сол махабаттың шырағын өшірмей, ары қарай лаулата білу", - деді ақын, айтыскер Мөлдір Айтбай.
Оқи отырыңыз: Алматыда "Жас сақшы" тобы құрылды