Алматыда көшелерді жаңғыртудың жаңа қағидаты енгізілуде

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

2025 жылы Радостовец, Мақатаев, Әуезов, Гоголь, Жандосов, Розыбакиев және Сәтбаев сынды тағы 7 көшені жобалау аяқталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көшелерді жаңғыртудың жаңа қағидаты – «қасбеттен қасбетке дейін» енгізілуде. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджет талқыланып жатқан мәслихат сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінде әлемнің дамыған мегаполистерінде барлық инфрақұрылымдық қабатты жаңғырту арқылы көшелерді кешенді көріктендіру жұмыстары «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүргізілуде. Біз Алматыда алғаш рет осы халықаралық тәжірибені қолдана бастадық», – деді қала басшысы. 

Әкімнің айтуынша, «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша қазіргі уақытта Достық даңғылының әл-Фараби даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі және Пушкин көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігін жаңғырту жобалары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталады. Бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге қарастырылған. 

2025 жылы Радостовец, Мақатаев, Әуезов, Гоголь, Жандосов, Розыбакиев және Сәтбаев сынды тағы 7 көшені жобалау аяқталады.

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС-нің мәліметінше, жобалық жұмыстар аясында қалалық инфрақұрылымды кешенді қайта құру көзделген: көшелер заманауи жаяу жүргіншілер жолдарымен жабдықталып, тұрғындардың қауіпсіздігін әрі жайлылығын қамтамасыз етеді. Тротуарларда жайлы орындықтар, күркелер, қоқыс жәшіктері және жаңа жарықтандыру бағаналары орнатылады.

Барлық жұмыс Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, экологиялық және тартымды орта құруға бағытталған заманауи көріктендіру стандарттарын ескере отырып жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев: Алматыға «бақ қала» мәртебесі қайтарылады

Новости партнеров