Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан № 387 сайлау учаскесіне барды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақстандық әнші, тележүргізуші Нұрлан Абдуллин Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан № 387 сайлау учаскесіне барды.
«Менің ойымша, елдің бірлігі біздің қолымызда. Бүгін біздің азаматтар келіп дауыс беріп, өздерінің пікірін білдіріп жатыр. Бұл еліміздің және біздің ұрпақтың болашағы үшін үлкен шешуші сәт», - деді Нұрлан Абдуллин.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.
Оқи отырыңыз: Әнші Парвиз Назаров Алматыда референдумда дауыс берді