Өктем Алтаев: Алматыны таза ұстау – үйіміздің, көшеміздің тазалығы

26.03.2025 15:52

Тазалаық жұмыстары тек қаланы көркейту ғана емес, қоғамды біріктіретін игі дәстүрге айналуда

50 мыңнан астам қала тұрғыны атсалысқан «Almaty clean & green» экологиялық акциясы аясында саябақтар, гүлзарлар, аулалар, өзен жағалаулары мен демалыс орындары тазартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

8 мың текше метрден астам қоқыс шығарылып, қаланың әр ауданында 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Қарағаш, үйеңкі, алма, алмұрт көшеттері егілді. Сенбілікке еріктілер, қоғам белсенділері, мәдениет және спорт қайраткерлері, эко-белсенділер мен қала тұрғындары жұмыла қатысты. Қоғам белсенділері атап өткендей, тазалаық жұмыстары тек қаланы көркейту ғана емес, қоғамды біріктіретін игі дәстүрге айналуда.

«Алматыны  таза ұстау – үйіміздің, көшеміздің тазалығы. Осы мақсатпен Алатау ауданына келіп, халықтың демалатын орнын тазалап жатырмыз. Қатысушыларға Наурыз мейрамы құтты болсыгн! рамазан айына тұспа-тұс келді. Акция керемет деңгейде ұйымдастырылған, қаламызды таза ұстайық!» – деді әнші Өктем Алтаев.

Оқи отырыңыз: Таза аула: экологиялық акцияның үшінші аптасы аяқталды