Жоба жұмысы басталғалы бері шаһарда заңсыз салынған 12 нысан сүрілген
Алматыда парақорлықты жою үшін алғаш рет құрылыс туралы ереже бекітілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рахимов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, бастама жер учаскелерін дұрыс пайдалануға, жасыл аймақтар мен табиғи ландшафтты да қорғауға көмектеседі. Жоба жұмысы басталғалы бері шаһарда заңсыз салынған 12 нысан сүрілген. Олардың қатарында тұрғын үй кешендері мен қонақүйлер бар.
«Басты назар алдын алу шараларына және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсаттарға қол жеткізудің маңызды құралы – Алматы қаласы бойынша әзірленген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы. Бұл құжат жұмысымызда жол көрсетуші құрал ретінде қызмет етеді. Ол мемлекеттік органдар қызметіндегі әлсіз тұстарды алдын ала анықтап, сыбайлас жемқорлық қатерлерін бағалауға және оларды жою бойынша жүйелі шараларды құруға мүмкіндік береді», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рахимов.
Оқи отырыңыз: Жеңістің 80 жылдығы: Алматы жастары патриоттық челлендждерге белсене қатысты