Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік безендірулер ұйымдастырылды

16.12.2024 09:00

Қаланың LED-экрандары мен Көктөбе телемұнарасында еліміздің көк туы жарқырап тұр

Пресс-служба акима города Алматы

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік безендірулер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қаланың LED-экрандары мен әйгілі Көктөбе телемұнарасында еліміздің көк туы жарқырап тұр.

"Барша алматылықтарды мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге бақыт пен өркендеу тілейміз! Тәуелсіздік күні құтты болсын, Қазақстан!" - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай Күләш Байсейітова шыңына шықты