Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Бұл туралы Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.

Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды.

Нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 63 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.

Новости партнеров