Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Саин – Төле би – Өтеген батыр – Райымбек көшелерінің ауқымындағы аула іші аумағы бойынша төселген құбыр ауыстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл жаңғыртылған учаскенің ұзындығы 901 метрді құрайды. 

Ауыстырылған құбыр 1983 жылы пайдалануға берілген еді, ол 17 көппәтерлі  тұрғын үйді, 2 жеке тұрғын үйді, 1 балабақшаны және басқа да 4 нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.

Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Оқи отырыңыз: Қарлы сенбілік: Нұр-Мүбарак ұжымы тазалыққа жұмылды

Новости партнеров