Жетісу ауданында сәуірде үш емхана ашылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нысандардың барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу ауданында 2024 жылы сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін екі жаңа медициналық мекем ашылады: Кемел ш/а отбасылық-дәрігерлік амбулатория, оның сыйымдылығы 200 келушіге және  Жұмысшы кентінде 240 келушіге арналған емхана.

Бұдан басқа, 2025 жылғы сәуірде күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашу жоспарлануда: Нүсіпбеков көшесі бойында 200 келушіге, Омаров көшесі бойында  300 келушіге және 230 келушіге арналған №21 емханалар. Бұл нысандардың барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталады, бұл ауданда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаңғыртудан кейін заманауи жабдықтармен жабдықталған «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылды.

Айта кету керек, әлеуметтік инфрақұрылымды қадамдық қолжетімділікті дамыту халық алатын медициналық қызметтердің сапасын арттырады, қолайлы жағдайлар жасайды және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев Алматы ипподромының болашағы туралы айтты

Новости партнеров