2025 жылға дейін елімізде 2400 МВт экологиялық таза энергия іске қосылады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы жылдары 2400 МВт экологиялық таза энергия іске қосылады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жұмыс орындары 13 инвестициялық келісімді іске асыру жолымен жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғыртуды жүзеге асыру кезінде құрылады. 1600 МВт қосымша қуат іске қосылады. 2025 жылға қарай елдің оңтүстік өңірлерінде маневрлік режимі бар, жиынтық қуаты шамамен 1 000 МВт бу-газ қондырғыларын салу жөніндегі жобаларды аяқтау болжанып отыр. Сондай-ақ 2025 жылға дейін 2400 МВт экологиялық таза энергияны іске қосу жоспарланған», деді Б. Ақшолақов. 

Оның айтуынша, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желілерін күшейту бойынша «KEGOC» АҚ Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арасында 220 кВ транзиттің екінші тізбегін салу жөніндегі жобаны бастады. 

«Сонымен қатар Алматы қаласының кабельдік желілерін қайта жаңарту жүргізілетін болады. Аталған жобаларда 21 мың жұмыс орны іске қосылады деп жоспарланып отыр. Оның арасында 1 000 тұрақты және 20 000 уақытша жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар», деді министр. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Болат Ақшолақов мұнай-газ жобалары аясында 2,5 мың тұрақты және 12 мың уақытша жұмыс орны құрылатынын айтты.

Новости партнеров