Қазақстанда 7 су қоймасы салынбақ
Қазақстанда су ресурстары азаюда. Ол туралы Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның дерегінше, елімізде су көздерінің тапшылығы 2030 жылға қарай 23,2 текше километрге жетеді. Қазір өзеннің орташа көпжылдық ағымы шамамен 102 текше шақырымды құрап отыр. Оған климаттың өзгеруі және антропогендік факторлар мен халықтың экономика мен экологияның қажеттіліктеріне суды көп пайдалануы себеп дейді. Бұл ретте Қазақстанда 7 су қоймасы салынбақшы. Оған 59 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
«Бұл мәселе су ресурстарына қатысты өңірлердің жағдайы әртүрлі болғандықтан күрделенеді. Елдің Шығыс өңірі сумен неғұрлым қамтамасыз етілсе, Орталық Қазақстан ең аз қамтылған. Оңтүстік және Батыс өңірлер шекаралас елдерге неғұрлым тәуелді болып табылады. Сондықтан болжап отырған су тапшылығы осы өңірлерге көбірек әсер етеді», – деді ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов.