Сенбіліктерде қоқыс пен жапырақтарды жағуға тыйым салынды

netmus.ru
netmus.ru
От жағу өрттің таралуына және мүліктің жойылуына әкелуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен  сенбілікте Алматы тұрғындары 10 текше метрден астам қоқыс жинады. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жасыл экономика басқармасы басшысының м.а. Серік Әділбаев айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

9 сәуірде Алматы қаласының тұрғындары мен коммуналдық қызметтерінің бірлескен күшімен 10 910 текше метр қоқыс жиналып, шығарылды. Сонымен қатар, 5 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Серік Әділбаев жалпықалалық сенбіліктер жылына екі рет – көктем мен күзде өткізілетінін хабарлады. Көшелерді, аула аумақтарын, жалпы пайдалану орындарын, арық желілерін, бос жерлер мен жасыл аймақтарды, сондай-ақ өзен арналары мен жағалауларын, су айдындарын санитарлық тазарту жүргізіледі.

Алматыда сенбілікке барлығы 61 035 адам шықты, 510 бірлік техника жұмылдырылды. «Жасыл аула» акциясы аясында тұрғындарға 400 көшет отырғызылды. Қала аумағында 5283 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар (қарағай, қайың, шаған, алма, үйеңкі) отырғызылды.

Қаланың Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы алматылықтардан жиналған қоқысты, жапырақтарды өртемеуін сұрады. От жағу өрттің таралуына және мүліктің жойылуына әкелуі мүмкін. Оның үстіне, «Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау ережелеріне» сәйкес бұған үзілді-кесілді тыйым салынады.

Новости партнеров