Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды
Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы Гагарин даңғылы, 80 мекенжайы бойынша ағаштарды кесуге рұқсат берген жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы факт бойынша Алматы қаласы ПД ЖПҚ қызметкерлерімен бірге тексерілді.
Нәтижесінде терек түрінің 3 дана көлеміндегі ағаштардың тәжін кесу фактісі анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 150 дана жапырақты ағаштарды өтемдік отырғызу бойынша кепілдік міндеттеме алынады.
Ағаштарды кесуге тапсырыс беруші: жоғарыда көрсетілген мекенжайдағы «Медициналық орталықтың құрылысын» жүзеге асырушы азамат Бекмусаев Б.К.