Қазақстанда 1,4 млн адамға 42 500 теңгеден төленді

23.07.2020 16:47

Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды

sko.enbek.gov.kz

23 шілде сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 912 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 1 миллион 912 мың өтінімнің ішінде: 

– 797,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; 

– 467,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 192,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; 

– 453,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: 

– 797,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); 

– 118,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; 

– 995,7 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). 

Төлем 1 млн 536 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 432 мың қазақстандыққа аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантин енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленеді. 

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.