Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттады

07.12.2021 17:11

Мұнай фьючерсінің бағасы 5,3%-ға артып, қазіргі уақытта барреьліне 73,6 доллар болды

ICE құрлықаралық биржа сауда-саттығында Brent маркалы мұнай бағасы 5,3%-ға өсіп, бір баррелінің құны 73,6 АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сауда-саттық деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,3%-ға артып, қазіргі уақытта барреьліне 73,6 доллар болды. Сондай-ақ WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,8%-ға өсіп, барреліне 70,16 АҚШ доллары.