Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

17.08.2019 17:34

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,24 долларға қымбаттап, баррелі 58,64 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,4 долларға көтеріліп, бір баррелі 54,87 доллар болды.



Теги: нефть