Ұлттық банк борышкерлердің санаты бойынша 1 маусымдағы ахуал туралы ақпараттың тексерілетінін айтты
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков президенттің көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабу туралы тапсырмасының орындалуы бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан дәл қазір банкке барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Stan.kz.
«Біздің міндетіміз мынандай: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен аталған жарлықта көрсетілген тұлғалар тізімін алғаннан кейін, Ұлттық банк өзге де мемлекеттік несиелік бюролар, банктермен бірлесіп, барлық сандарды салыстырамыз. Менің ойымша, негізгі жұмыс Ұлттық банк, банктер мен үкімет тарапынан атқарылады. Дәл қазір банктерге барудың қажеті жоқ, себебі бұл жұмыс уақытты талап етеді. Жалпы, алдағы екі айдың көлемінде аяқталуы мүмкін», – дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар Смоляков Ұлттық банк борышкерлердің санаты бойынша 1 маусымдағы ахуал туралы ақпараттың тексерілетінін айтты.
«Ұлттық банк несиелік қарыздарды жабудың факт бойынша жүргізілуін қадағалайды. Бақылаусыз сауалдардың болмауы үшін, олар несие құжатнамасында, несиелік бюролар мәліметтерінде көрсетілуі тиіс», – дейді ол.
Еске сала кетсек, 26 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабуды тапсырды.