Елімізде Алматы қаласы бөлшек сауда бойынша көш бастап тұр

Елімізде Алматы қаласы бөлшек сауда бойынша көш бастап тұр
Бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 8054,4 миллиард теңгені құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде Алматы қаласы бөлшек сауда бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

ҰЭМ мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,2%) Нұр-Сұлтан қаласына (12%), Қарағанды (9 %) және Шығыс Қазақстан (8,8 %) облыстарына келеді.

Бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 8054,4 миллиард теңгені құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 5,5 %-ға көп.

Новости партнеров