2019 жылы Алматының жалпы өңірлік өнімі адам басына шаққанда 4,8%-ға өсті. Негізгі капитал инвестициясы 8,5%-ға артты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы, жыл қорытындысы бойынша қала экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіп 4,5%-ға, тұрғын үй салу 4,8%-ға, құрылыс 3,4%-ға, бөлшек сауда 12,1%-ға, көлік және қоймаландыру 11,9%-ға өсті. Инфляция 5,2%-дан асқан жоқ. 8,3% өсіммен барлығы 820 млрд тг инвестиция тартылды. Оның ішінде 620 млрд тг — жекенікі.