Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев еліміздің қаржы жүйесін жаһандық өзгерістерге тұрақты етіп нығайту қажеттілігін алға тартты
Бүгін Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге күні. Осыған орай Алматыда капиталмен жұмыс істейтін еліміздің барлық қаржыгерлері нарық және экономиканың нақтылы секторының маңызды мәселелерін талқылаған жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәстүрлі кездесуде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев көрсеткіштер нәтижесі бойынша қорытынды есеп оқып, жиынға қатысушыларға Қаржылық тұрақтылық пен кәсіби табыс тіледі.
«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі. Ал, теңге – тәуелсіздігіміздің символы іспеттес. Алматы - Еліміздегі ең үлкен қала және экономиканың негізгі орталығы. Көрсеткіштер нәтижиесі бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 23 пайызды құраса қаржылық белсенділік несиелер 60 пайыздан астамын, ал депозиттер 40 пайызын құрайды. Нәтижиесінде, іскерлік белсенділік жақсарып, несиелендіру жұмыстары жоғарылады. Сонымен барлығы 57-60 пайызды құрайды. Осындай жұмыс үшін қаржыгерлерге барлық қала тұрғындарының атынан ризашылығымды білдіргім келеді», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Жиынға қатысушы қаржы мамандары еліміздегі экономикалық инфрақұрылымды талдап, тұрақты қаржы жүйесін дамыту бойынша көптеген мәселелерді ортаға салды. Экономиканың тағы бір табыс көзі болып отырған бизнес саласын дамыту туралы оңтайлы ұсыныстар да аталып өтті. Конференция барысында сөз сөйлеген Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев еліміздің қаржы жүйесін жаһандық өзгерістерге тұрақты етіп нығайту қажеттілігін алға тартты.
«Елімізде осыдан 26 жыл бұрын, 15 қараша күні қаржылық және экономикалық тәуелсіздіктің белгісі ретінде «теңге» айналымға енді. 18 қарашада теңге Қазақстан аумағындағы жалғыз төлемдік құрал болып саналды. Бұл еңбекке, дамуға, реформаларға және кездесулерге толы қиын кезеңдер еді. Өз валютамыздың болуы біздің елдің басшылығына маңызды және экономикалық реформаларды жүргізуге, ауқымды өзгерістерді іске асыруға, республиканың тұрақты даму траекториясын құруға мүмкіндік берді. Бүгін осы конференцияда біздер қаржы жүйесінің алдында тұрған көптеген мәселелерді талқылауға мүмкіндігіміз болады», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат ДОСАЕВ.