ТЖ: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына 32 мың бизнес өкілі жүгінген

inform.kz
inform.kz
Олардың 74 пайызы жұмыспен қамту мәселесіндегі бірнеше қиындықты айтқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдай кезінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына 32 мың бизнес өкілі жүгінген. Бұл туралы аталған палата басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, олардың 74 пайызы жұмыспен қамту мәселесіндегі бірнеше қиындықты айтқан. Мәселен, басым бөлігі өз қызметкерлерін мерзімсіз еңбек демалысына жіберуге мәжбүр болған. Кейбірі жұмыс уақытын қысқартқан. Ал 20 пайызында қызметкерлерін қысқартудан басқа амалы болмапты.

«Палатаға жүгінгендердің 86% қаржылық жағдайының нашарлағанын жеткізді. Мәселен, басым бөлігі ғимараттардағы жайларды жалдай алмаған. Сондай-ақ, өз қызметкерлерінің жалақысын төлей алмай, коммуналдық төлемдерді жүргізе алмағандар да бар. Жағдайды талдай келе біз кәсіпкерлерді қолдаудың тетіктерін қарастырдық. Мысалы, кәсіпкерлердің 31%-ы несие бойынша шегеруді сұрады. Ал 33%-ы төтенше жағдайды форс-мажорлық деп тануды сұрады», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Eрбол ӨСТЕМІРОВ.

Ербол Өстеміров кәсіпкерлерге көрсетілетін салықтық жеңілдіктер жайлы да сөз қозғады. Мәселен, микро, шағын және орта бизнес субъектілері биылғы жылдың бірінші маусымына дейін салық пен барлық төлем түрлерінен босатылған. Ал ірі сауда нысандары, сауда, ойын-сауықтық орталықтар, кинозалдар, көрмелер, спорттық сауықтыру орталықтарының иелері, кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға салықтық жеңілдік жылдың соңына дейін, яғни 31-желтоқсанға дейін беріледі

Новости партнеров