Тамақтану орындарына сұраныс артуда

25.08.2023 19:25

Мейрамхана бизнесінен бір жылда қазынаға 90 млрд теңге салық түскен

Zakon.kz

Былтырдан бері бір ғана мейрамхана бизнесінен 90 млрд теңгеге жуық салық түскен. Ал ел қазынасын еселеп отырғандардың басым бөлігі  Алматы қаласынан.

Дәл осы рестораторлық кәсіпке ден қойғандардың да қатары артуда. Соңғы бір жарым жылдың ішінде 8 мыңнан аса кәсіп иесі дәл осы мейрамхана бизнесі бойынша тіркелген, деп жазады Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мейрамхана бизнесі бойынша былтыр 5 мыңнан аса кәсіп иесі тіркелсе, биылғы жеті айда олардың саны 3,5 мыңға жуықтаған. Бұл салық органына ресми тіркелген мейрамханалардың статистикасы. Яғни, соңғы бір жарым жылдың ішінде елімізде 8 мыңнан аса мейрамхана ашылған. Басым бөлігі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

- 2022 жылдың қорытындысымен тек қана мейрамхана бизнесінің өзінен бір жыл бойында еліміздің қазынасына 50 млрд теңгеге жуық салық түскен. Ал 2023 жылдың тек жеті айында дәл осы мейрамхана бизнесінен ел қазынасына 38 млрд теңге салық түскен, - деп айтты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева.

Келушілердің көбі қоғамдық тамақтану орындарының саны ғана емес, қызмет көрсету сапасының да арта түскен айтады.

- Сонымен қатар үйден тапсырыс берушілер қатары көбеюде. Жалпы елімізде 73 мыңнан аса қоғамдық тамақтану орны бар. Сондай-ақ осындай жерлерде маңызды кездесулерді өткізуде жиіледі. Себебі бұл жерде интернетттен бастап барлық жағдай жасалған, - деді ҚР қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрайымы Вероника Нұрпейісова.

Жалпы қоғамдық тамақтану орындарынан соңғы бір жарым жылда 150 млрд теңгеге жуық салық түскен. Мемлекеттік кіріс комитетіндегілер былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биылғы кіріс 24 пайызға артқанын айтады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткіші артты