Тоқаев: Экономиканы монополиядан арылту – біздің ұлттық басымдығымыз

04.11.2022 19:30

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен дәстүрлі кездесуінде айтты

ашық дереккөзден

Қазақстан инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициясын нығайта түседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен дәстүрлі кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанның қабылдаған жаңа экономикалық бағыты шынайы еркін нарықтық экономика құруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

«Экономиканы монополиядан арылту – біздің ұлттық басымдығымыз. Біз дұрыс жолдамыз. Жетекші халықаралық қаржы агенттіктері Қазақстанның экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі күш-жігерін оң бағалады және Қазақстанның егемен рейтингін «тұрақты» болжаммен растады. Біз ашық экономика қағидатын ұстанамыз. Әлемнің 180 елімен сауда қатынастарын жүргіземіз. Бүкіл әлемдегі экономикалық күйзелістерге қарамастан, біздің шикізаттық емес өнім экспорты шамамен 40 пайызға өсті. Біз инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз», - деді Президент.