Онлайнға көшкен жағдайда салық 60 мың теңгеден аспайды
Алматы қаласы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айының 31-не кәсіпкерлердің фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде онлайн режимде қолдануға көшу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, өз қызметінде ақшалай есеп айырысулар мен төлем карталарын жүзеге асыратын барлық кәсіпкерлерге салық режимінің түріне қарамастан 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін онлайн – БКМ сатып алу және тіркеуі қажет.
Бұл ретте салық төлеушілер үшін онлайн БКМ енгізу кезінде тіркеу рәсімі енгізілді, ол тек бір күнді алады.
Сонымен қатар, патент және оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режимін қолданатын субъектілер үшін онлайн БКМ сатып алу кезінде төленетін салық сомасы 60 мың теңгеден аспайтын сомаға азайтылады. Алайда, бұл преференциялар кәсіпкерлердің 2019 жылы ғана БКМ онлайн сатып алуына қатысты.
2020 жылдың қаңтар айының 1-інен бастап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі айыппұл төлеу түріндегі бақылау-кассалық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту бөлігіндегі өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз.