Алматыда жыл басынан бері алкогольдік өнім жасап келген 14 астыртын цех жұмысы тоқтатылды. Оны экономикалық тергеу Департаменті қызметкерлері 30 қазанда Алатау ауданына жүргізген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Астыртын цехты тінту барысында 1800-ден астам алкогольдік өнім және 4000 дана жалған акциздік маркалар тәркіленген. Сондай-ақ, 1300 литр спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар және алкогольдік өнімді құйып, жабатын құрылғылар анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 233 бабының 2 бірдей тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.