Алматының алғашқы өндірістік парктеріне 760 млн теңге инвестиция тартылды

25.12.2020 20:24

Алғашқы өндірістік парктер Наурызбай және Түрксіб аудандарында жұмысын бастады

@almaty_akimat

Алматының алғашқы өндірістік парктеріне 760 млн теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, шағын және орта бизнес субъектілері үшін қолжетімді өнідірістік алаңдарды ұсыну масқатында өндірістік парктер құрылуда.

Алғашқы өндірістік парктер Наурызбай және Түрксіб аудандарында жұмысын бастады, олар – «Брот Мастер», «Ala Estate» және «Samruk Group». Бұларда жалпы алаңы шамамен 12 мың шаршы метрді құрайтын өндіріс орындары бар. Мұнда құрылыс материалдарын, жиһаз, азық-түлік, сусын,  қуырылған кофе, галантерея бұйымдарын шығаратын цехтар жұмыс істейді. Жобаларды жүзеге асыруға шамамен 760 млн теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар 340-тан астам жұмыс орны құрылды.

Бұлардан өзге, Алматының Индустриалды аймағында өндірістік парктерді құру үшін төрт кәсіпорынға жер учаскелері бөлінді. Олар - «KazStroyTrade» ЖШС, «D&J Investments & Logistic,» «ADS Industries» және «Ala Estate». Тағы бірі - «Asia Prom Textile», ол қала аумағында.

Қазіргі кезде компаниялар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Алғашқы өндіріс нысандардын 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында іске қосу жоспарлануда. Өндіріс орындарының жалпы алаңы 37,5 мың шаршы метрді құрайды.

Бүгінгі күні өндірістік парктердің инвесторлары алдын ала 19 кәсіпорынмен жалға алудың келісім шартын жасады. Мұнда жаңа өндірістердің тұтас кешенін құру жоспарлануда: яғни электр жабдықтары, күн сәулесінен қорғайтын жүйе, гидроизоляциялық материалдар шығарылады, киім, шұлық пен іш киім тігілетін болады.

Айта кетерлігі, Алматыда ағымдағы жылы инвесторлар мен өнідірістік парктердің резидентттері  үшін бірегей тетік әзірленді. Қалада арнайы комиссия құрылып, оның құрамына фармацевтика, құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларының 6 қауымдастығының және кәсіпкерлер форумының мүшелері енді.

Бекітілген нормаларға сәйкес мүдделі тұлғалар қажетті құжаттар пакетін жинақтап Алматының Индустриалды аймағына жүгіне алады. Тексеруден соң жоба комиссияның қарауына жіберіледі, егер мақұлданса, оған өндірістік парк мәртебесі беріледі.

Еске салсақ, өндірістік парктер жобасы «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Өндірістік орындар ШОБ субьектілеріне жеңілдетілген жағдайда ұсынылады: жалдау ақысы бір шаршы метрге 1000 теңгеден 1200 теңгеге дейін. Бұлардан өзге, жалға алушыларға жылдық 2%-бен 7 жылға дейін жеңілдетілген несие берілуі мүмкін. Сонымен қатар, жобаларды жүргізу үшін консалтингтік көмек көрсетіледі: бизнес-жоспар құрудан бастап іске қосуға, сондай-ақ нарықта өнімді әрі қарай жылжытуға дейін.