Бірінші тоқсанда Қазақстанда нақты жалақы 112,7%-ке өскен
2022 жылдың I тоқсанында орташа айлық номиналды еңбекақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл елінде көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еуразиялық экономикалық комиссия мәліметінше, жалақы мөлшері Қырғызстанда 21 мың сомнан (234 доллар) Ресейде 60 мың рубльге (709 доллар) болды.
Номиналды және нақты жалақы бойынша ең жоғары өсім Қазақстанда тіркеліп отыр – тиісінше 123,7% және 112,7%. Екінші орында – Беларусь (117,1% және 104,5%).
ЕЭК ақпаратынша, бірінші тоқсанда Қазақстанда номиналды орташа жалақы 285 433 теңге болды.