100 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын шеше алады

100 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын шеше алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсыныс жолданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Себебі олардың зейнетақы қорында жинақтаған ақшасы 10 миллион теңгеден асады. Басты талап осындай болмақ. Сәйкесінше ұсыныс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Премьер-министрдың орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Айтуынша, қазақстандықтардың тең жарымында зейнетақы шотындағы қаржысы бір миллион теңгеден көп аспайды.

«Біз халықаралық тәжірибені зерттеп, Президент әкімшілігіне ұсыныстар енгіздік. Ерекше айтып өтерім, барлығы жинақталған қаржының сомасына байланысты болады. Біз барлық қазақстандықтарға қарт кезінде жайлы жағдай жасауымыз қажет. Демек, адам зейнетке шыққанда оның қалыпты өмір сүре алатындай ақшасы қалуы тиіс», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ.

Ал халықтың әлеуметтік аз қамтылған, осал топтарына мемлекет 327 миллиард теңге бөлген. Осы айда атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдендірілген әлеуметтік пакет алушы көпбалалы отбасыларға 18 миллиард теңгесі бағытталып отыр.

«Атаулы әлеуметтік көмек енді осы жылдан бастап тоқсан сайын тағайындалып, төленетін болады. Осыған қарай жаңа жылдан бастап отбасылардан өтішін қабылдау үстіндеміз. Біз желтоқсан айында қараша айына тиісті АӘК-ті және желтоқсанға тиісті төлемді аудардық. Енді азаматтар қаңтар айында құжаттарын өткізіп, ақпан айында ала бастайды», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ.

Новости партнеров