Бұл ретте Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды кедендік шекарадан өту кезінде валютаны ауыстыру ережелерін сақтауға шақырады
Қазақстандықтар өткен айда елден шамамен 1 миллион АҚШ доллары болатын қолма-қол ақша алып өтпек болған. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, кеден бекеттерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша алып өтудің 50-ден астам фактісі анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркеліпті. Мұнда 37 факті анықталған. Бұл ретте Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды кедендік шекарадан өту кезінде валютаны ауыстыру ережелерін сақтауға шақырады.
«Егерде декларацияда көрсетілмегені анықталса, онда оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, хаттама толтырылады. Сонымен қатар, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 30 мың теңге мөлшерінде айппұл салынатын болады», - деді ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.