Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын және тоқсан сайын валюта айырбасына қатысты есеп беріп отырады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк өкілдеріне валюта айырбасына қатысты мәліметтерді қолжетімді етуді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Келесі мәселе - ұлттық валютаның тұрақсыз, құбылмалы болуы. Бұл - әрине, біздің азаматтарды, кәсіпкерлерімізді алаңдататын мәселе. Осыған байланысты менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк осы мәселені бақылауға алып, механизмін әзірлейді. Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын және тоқсан сайын валюта айырбасына қатысты есеп беріп отырады. Сондай-ақ, валюта бағамының кестесі жарияланады, ақша-несие саясатының стратегиясы қабылданады", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.