Қазан айында сомасы 48 миллиард теңгеге жуық 15 жоба мақұлданды
Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті қолдайды. Мәселен, қазан айында сомасы 48 миллиард теңгеге жуық 15 жоба мақұлданды. Ал тағы 50-і іске қосылу үшін қаржы бөлінген. Бұл өткенмен жылмен салыстырғанда көп. Онлайн-брифингте қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттен қаражат алған жобалардың қатарында елдегі ірі май шығаратын зауыт бар. Олар көмекті жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтуге жұмсаған.
«Төтенше жағдай мен карантинге қарамастан, Алматы қаласында сәуірден қыркүйекке дейін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өсуін байқадық - 5 081. Жеке кәсіпкерлер - 879, заңды тұлғалар - 4 202. Талдау жұмыстары көрсеткендей, өсу көздерінің бірі «Бастау Бизнес» жобасы екенін көрсетті. Биыл жоба аясында 2600 адам оқуды аяқтады. Сондай-ақ, бұл мәліметтерге бизнестің көлеңкеден шығуға байланысты, жұмысқа және қозғалысқа рұқсат алу үшін ресми тіркеуден өткендіктері себеп болды», – деді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.