Ұлттық қордың табысынан қарағанда шығыны көбейіп келеді. Қазірдің өзінде айырмашылық 73 миллиард теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Финпром порталы сарапшылары мамыр айының қорытындысы бойынша, республикалық қорда 26 триллион теңге барын хабарлады.
Сома өткен жылға қарағанда, 12,3 пайызға өскен. Алайда, қор шығыны бір жылда 43 пайызға артып, 1.5 триллион теңгені құрапты.
ҰЛТТЫҚ ҚОР
ҚОРДАҒЫ ҚАРАЖАТ
2015 2016 2017 2018 2019
15,9 трлн тг 25,5 трлн тг 22,9 трлн тг 23,1трлн тг 26 трлн тг
ӨСІМ
15,1% 60,7% -10,2% 1,1% 12,3%