Әлемде қант, ет және сүт өнімдерінің бағасы өсті
Азық-түліктің қымбаттауынан жылдық инфляция деңгейінің артуы байқалып отыр. Бұл жөнінде Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов құнсыздану жыл аяғына дейін жоғары деңгейде сақталады деген болжам жасап отыр. Оның айтуынша, сыртқы инфляция сәуірде 10,9 пайыздан 11,1 пайызға дейін өсіп, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасын көтерілген. Соған байланысты Премьер-министр санкциялық шектеулер аясында сыртқы келеңсіз әсерлерді азайту және ұлттық экономиканың одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жандандыруды тапсырды.
«Елде жылдық инфляция деңгейінің артуы байқалып отыр. Оған негізінен азық-түлік тауары бағасының өсуі әсер етуде. БҰҰ-ның дерегі бойынша дүниежүзінде азық-түлік бағалары соңғы 12 айда 36% қымбаттады. Әлемде қант, ет және сүт өнімдерінің бағасы өсіп барады. Бұл өз кезегінде біздің нарыққа да тікелей әсер етіп отыр», – деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.