Жемқорлықпен күресті күшейткен Қазақстан әлемдік сарапшылардан оң баға алды

Жемқорлықпен күресті күшейткен Қазақстан әлемдік сарапшылардан оң баға алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жемқорлықпен күрес күшейген. 2018 жылы жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 31 балл жинап 124-ші орынға жайғасыпты. Бұл мәліметті «Транспаренси Қазақстан» ұйымы қамқорлық кеңесінің төрағасы Марат Шибұтов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда, әлемдік агенттіктің сарапшылары Қазақстанға жоғары баға берген. Кеңес төрағасының халықаралық сарапшылардан оң баға алу болашақта елімізге инвестор тарту, дүниежүзілік банктерден несие алуды жеңілдетеді деп отыр.

Ал зерттеудегі көрсеткіште көш басын Дания мен Жаңа Зеландия бастап тұр. Бұл елдерде жемқорлыққа қарсы тұру 88 баллды құраған.  

«Көрсеткіш Қазақстанға келетін шетелдік инвесторлар үшін өте маңызды. Егер біз осыдан бірнеше жыл қатарынан индексте жемқорлық дендеп тұр деген төмен баға алып келдік. Ал қазір онымен күресіп, нәтиже көрсете алдық дегім келеді. Елімізде академиялық адалдық кодексі, мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексі қабылданды. 2019 жылы одан да жақсы баға аламыз деп ойлаймын. Себебі, жүйелі жоспарымыз бар», – деді «Transparency International Kazakhstan» қамқорлық кеңесінің төрағасы Марат ШИБҰТОВ.

 

Новости партнеров