Қазақстандағы орташа жалақы Еуропада төленетін айлыққа жетіп қалған – Ұлттық статистика бюросы

Алматы телеарнасы
Алматы телеарнасы
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев бұл көрініс шынайы емес екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда халықтың табысы мен азық-түлік бағасын санайтын Ұлттық статистика бюросының мәліметтері шынайы емес. Осылай деген Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев бюро ақпарына сай, Қазақстанда орташа жалақы Еуропаны өкшелеп қалғанын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал жұмыссыздық көрсеткіші бойынша Скандинавия елдерінен кем түспейді екенбіз.

Статистика мамандары 10 жұмыртқа – 490 теңге, айранның литрі – 390 теңге, пияз – 182 теңге, ал қияр мен қызанақ бағасын 1 мың теңгенің көлемінде дейді. Дегенмен, мәжілісмен шынайы көріністің олай емес екенін айтады. Нарықта аталған тауарлар 1 жарым, 2 есеге қымбат сатылып жатыр дегенді алға тартты. Сонымен қатар, елде ресми түрде 450 мың адам жұмыссыз деп көрсетілгенімен, екі қолға бір күрек таппай жүрген тек жастардың саны 750 мың екенін айтады депутат.

Сондықтан Үкімет шешім қабылдарда жалған статистикаға емес, шынайы ақпаратқа сүйенсе дейді.

«Статистика – елдегі нақты ақпарат пен шынайы көрсеткіштердің бет-бейнесі болуы тиіс. Дегенмен, Үкімет тарапынан қабылданған шешімдердің әлсіздігі, көбінде қате мәліметтерге сүйенудің негізінде орын алып отыр. Ұлттық бюро жүргізетін статистика барынша шынайы, халықтың әлеуетін ашық көрсетуі тиіс. Сонда ғана қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту, табысын арттыру мүмкін болады. Осы ретте, біз нақты ақпарат берудің жаңа, әділ ережесін қалыптастыруымыз қажет», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Новости партнеров