Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 8,1%-ға, нақты көрсеткіште – 3,1%-ға артқан
Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2019 жылдың мамыр айында 173 499 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметі.
«Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс көлемі ағымдағы жылдың сәуір айында 98,019 теңгені құрады. Ал бұл көрсеткішті өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 8,1%-ға, нақты көрсеткіште – 3,1%-ға артқан», – делінген хабарламада.