Ұлттық банк төрағасы: қажет болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге дайынбыз

15.11.2022 23:02

Оның айтуынша, шешім 5 желтоқсанда жарияланады

7kun.kz


Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі барысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық ставканың мөлшері тағы да көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Қазір біз болжамдарымызды жаңарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы болжамның қорытындысы бойынша деректер мен бірқатар макроэкономкалық факторға сүйене отырып, шешім қабылдаймыз. Егер қажет болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге әзірміз. Шешімді 5 желтоқсанда жариялаймыз", - деді Пірматов.

Ол кәсіби ортадағы базалық мөлшерлемеге қатысты пікірталасты құптайтынын атап өтті.

"Нарықтағы кәсіби қатысушылар күннен күнге біздің шешімдердің түпкі мәнін түсіне бастағанын көріп отырмын. Мөлшерлемені тым төмен дейтіндер де, керісінше, оны тым жоғары дейтіндер де бар. Дегенмен, кәсіби ортадағы пікірталастарға қарап, ақпараттандырылудың әлдеқайда жоғары екенін байқап отырмыз. Біз мұны құптаймыз", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Еске салсақ, биыл 26 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.