Тіпті, әл-ауқаты төмен отбасы болса да. Мұны бүгін Алматыдағы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов тағы да жұрттың есіне салды. Сондай-ақ, коллекторлық компанияға өтіп кеткен несиелер де кешірілмейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Осы ағымдағы жылдың 1 маусымға дейін оның алған несиесі 3 000 000 теңгеден аспауы керек және де оған жалпы өкімет тарапынан төленіп беретін ақшаның соммасы 300 000 теңгеден аспайды. Енді бір жанұядан екі адам алған жағдай болса, бөлек-бөлек әрқайсысының жаңағы несиесі 3 000 000-нан аспайтын болса, талаптарға сай келетін болса, ол екеуіне де 300 - 300 мың теңгеден 600 000 теңге несиесі жабылып береді», – деді Алматы қаласы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы Айдынжан НАРМАТОВ.