Биыл 870 жұмыс орны ашып, 15 жобаны (13,9 млрд теңге) іске асыру жоспарланып отыр
Алматының Индустриалды аймағында 870 жаңа жұмыс орнын құрумен 15 жаңа жоба іске қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтып берді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, Алматының Индустриалды аймағында 2 жыл ішінде 77,3 млрд теңгеге 10 жаңа кәсіпорын пайдалануға берілді, 1 540 жұмыс орны құрылды, 7,9 млрд теңгеге салық төленді.
37 жаңа жоба іске асып, онда 3 615 жаңа жұмыс орны құрылады. Биыл 870 жұмыс орны ашылып, 15 жобаны (13,9 млрд теңге) іске асыру жоспарлануда.
Бүгінде жалпы сомасы 113,7 млрд теңгеге барлығы 19 жоба іске асырылды, 282,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді, 9,9 млрд теңгеге салық төленді (барлық жылдар ішінде), 103,1 га қамтылып, 3 177 жұмыс орны ашылды.