Әкімдер «Nur Otan» партиясы праймеризінің әділ өтуіне қысым жасамауы тиіс – саясаттанушы

21.08.2020 00:53

Көптеген әкім әлі де командалық басқарушылық әдістермен жұмыс істеуде

inform.kz

Жергілікті жердегі әкімдер жұмыс стилін өзгертуі керек. Олар «Nur Otan» партиясы праймеризінің әділ өтуіне қысым жасамауы тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Сайыров дәл осындай пікірде. Оның айтуынша, көптеген әкім әлі де командалық басқарушылық әдістермен жұмыс істеуде. Қоғамдық пікірді елегісі келмейді, деп жеткізді саясаттанушы.

«Бүгінгі таңдағы праймериз жастар үшін мүмкіндіктер терезесі болып табылады. Сондықтан біз осы әртүрлі деңгейдегі әкімдерді праймеризді әділ және шынайы өтуіне өзінің үлесін қосуға және әкімшілік, әміршілік ешқандай қысым жасамауға шақырамыз. Егер ондай қысым болған кезде, онда «Nur Otan« партиясының жақтастар лигасы партияға сондай әкімдерді, сондай шенеуніктерді партиялық тұрғыда жазалау, және ең жоғарғы жаза – партиядан шығару туралы ұсыныс енгізетін болады», – деді ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Сайыров.