Бұл қаншалықты қазақстандықтардың қаржылық мәселесін шешті?
578 мың 461 адамның несиесі кешірілді. Оның 51,1 пайызы толықтай жабылды. Естеріңізде болса, өткен жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халықтың кепілсіз тұтыну несиелері бойынша қарыздарын өтеп беруді тапсырған еді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша, екінші деңгейлі банк пен микроқаржылық ұйымдардағы 121 миллион теңгеге жуық қарыз кешірілді. Сондай-ақ, 1 миллион 193 мың тұрғынның банк пен микроқаржылық ұйымнан кепілсіз алған несиелерінің өсіппұлдары мен айыппұлы да кешірілді. Жалпы соммасы 33 миллион теңгеден астам. Оның 70 пайызын несие берген мекеме өз есебінен жапты. Бұл қаншалықты қазақстандықтардың қаржылық мәселесін шешті? Осы тұста біз экономист Мақсат Халықтың пікірін білген едік. Тыңдап көрейік.
«Нарықта не ғұрлым төленбей қалған қайтарымсыз несиелер көбейетін болса, әрине ол экономика үшін кері соққы болып тиеді. Себебі қаржы секторы дағдарысқа ұшырайды. Банктердің барлығы банкротқа ұшырай бастайды. Қаржы секторында дағдарыс болатын болса, ақша айналым процесінде кедергілер орын алады және де тұтынушылардың ақшаны айналым процесінде жұмсауында немесе оны жинақтауындағы үлкен кедергілердің салдарынан соңы үлкен дағдарысқа әкеп соқтырады. Әлеуметтік салдары жоғары болады», – деді экономист Мақсат Халық.
578 461 адамның қарызы кешірілді
Жалпы соммасы 120 491,5 млн. т.
51,1% немесе 297 745 адамның несиесі толықтай кешірілді
1 192 834 адамның айппұлдары мен өсімпұлдары кешірілді
Жалпы соммасы 33 621 млн. т.
23 535 млн. т. несие беруші төледі