Алматы әкімі май шығаратын зауытта болды

04.06.2020 01:11

Олар тәулігіне 300 тонна тауар өндіреді

Almaty.tv

Алматы әкімі май шығаратын зауытқа барды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Олар тәулігіне 300 тонна тауар өндіреді. Нарыққа қажетті өнім шығаратын компанияның 1700-ден аса жұмысшысы бар. Төтенше жағдай кезінде мекеменің 600 қызметкері қалаға кіре алмай қалған.  Алайда мамандар 2 ауысымда қызмет еткен. Негізі зауытта жұмысшылар 4 ауысыммен жұмыс істейді.

«Оларсыз жұмыс алға баспайтын қызметкерлер болды. Жұмысшыларға пәтер жалдап, қонақ үйлерге орналастырдық. Бастысы өндірісті тоқтатпадық. Бізде қорғаныш шаралары қатаң сақталады. Арақашықтық сақталып, өндіріс алаңы мен компания алаңы дезинфекциядан өтеді. Бір күнде әр қызметкерге 3 маска беріледі. Күніне 4500 данасын қолданамыз. Санитайзерлер, киімді залалсыздандыратын құрылғы орнатылды», – деді «Маслодел» ЖШС бас директоры Павел СЕЛИВАНОВ.