Биыл дизель отынына сұраныс рекордтық көрсеткішке жетті

24.09.2021 01:48

Қазір Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан

avtopribambas.com

Биыл дизельге бұрын-соңды болмаған сұраныс бар. Осылай деген Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев елдің ішкі нарығының тарихында бір айдағы мұндай рекордтық көрсеткіш бұған дейін тіркелмегенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал тұтынудың өсуіне бір жағынан транзиттік жүк тасымалдарының маусымдық ұлғаюы әсер етіпті.  

«Қазір Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан. Бағасы Ресеймен салыстырғанда 90 теңгеге, Өзбекстанмен салыстырғанда 77 теңгеге және Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге төмен. Айырмашылықтың жоғары болуына байланысты транзиттік жүк көліктерінің бәрі біздің елдің аумағында жанармай құяды. Ірі жанармай құю стансаларының ақпараты бойынша, қалалық стансалар шамамен 70% бензин мен 30% дизель отынын сатады, ал ұзақ жолдың бойында орналасқан стансаларда керісінше, дизель көп сатылады», - деді ҚР Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев.