Алматының Бостандық ауданында биылғы жылдың 1-жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 364 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абай Әлі Бостандық ауданы халқымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, бұл түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 39 пайыз өскен. Кездесу аясында көлік құралдары мен мүлік салығы, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері сөз болды.
«Мемлекеттік кірістер басқармасының міндеті – сапалы түрде толық мерзімде белгілікті және республикалық бюджетке түсімдердің салықтарын толық қамтамасыз ету. Бұл – кіші және орта бизнеспен айналысатын салық төлеушілер шоғырланған жер», – деді Бостандық ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абай Әлі.