Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста – 13,1, саудада – 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді, – деді ол.
Олжас Бектеновтің айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді.
Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+ аясындағы міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болды, – деді Үкімет басшысы.
Оқи отырыңыз: Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет - Тоқаев